Ресейге салынған санкциялар Орталық Азияға да әсер ете бастады - зерттеу

Ресейге қарсы санкциялар Орталық Азияға да әсер ете бастады. Дүниежүзілік банк осыған қатысты бірнеше болжам жасады. Мысалы, мигранттардың ақша аударымы орта есеппен төрттен бірге азаюы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz зерттеушілеріне сілтеме жасап. 

Зерттеушілердің сөзінше, ақша аударымы Орталық Азия елдеріндегі маңызды қаржыландырудың бірі болып саналады. Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан - Ресейден ақша аударымын көп алатын елдердің бірі, яғни ресейлік экономикадағы өзгеріс бұл елдерге де әсер етпей қоймайды. 

Дүниежүзілік банк мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, аударым көлемі Тәжікстанның ЖІӨ-нің 35 пайызына және Қырғызстанның ЖІӨ-нің 33 пайызына тең. Бұл екі ел мигранттарға көбірек тәуелді елдер қатарында. Елдегі мигранттардың көбі Ресейге маусым сайын құрылыс саласында жұмыс істеуге барады. 

Өзбекстанда ақша аударымы елдің ЖІӨ-нің 13 пайызына тең. Ал Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 0,2 пайызына тең. Айта кетейік, Дүниежүзілік банк зерттеуіне Түрікменстан елін қоспаған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!