Тараздағы базарда алапат өрт шықты

Тараздық құтқарушылар алапат өртті сөндіріп жатыр. Қаланың "Береке" базарындағы асханалар мен сауда бутиктері өртеніп жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысының ТЖД өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, 07.52-де Тараздағы Мәмбет батыр көшесінде орналасқан "Береке" базарынан өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. 

"Оқиға орнына департамент қызметкерлері, оның ішінде 56 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды. Өрт 08.30-да ауыздықталды, өртті сөндіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр", - деді ТЖД өкілдері. 

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт не себепті шыққаны анықталып жатыр.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!