Билікке қарсы шыққан танымал ресейліктер

Билікке қарсы шыққан танымал ресейліктер

2017 жылдан бастап Ресей билігі шетел агенті қызметін жүзеге асыратын бірқатар БАҚ пен жеке тұлға тізімін жариялай бастаған еді. Әлемдегі саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты Ресейде бұл тізім бірнеше рет толықтырылып отырды. Соның ішінде Ресей билігімен келіспей өз позициясын білдірген әртістер де бар. "Қара тізімге" енген танымал ресейліктер кім? Massaget.kz тілшісі шолу жасады. 

Алишер Моргенштерн

Алишер Моргенштерн 6 мамырда шетелден ақша алды деген айыппен Ресей Федерациясының шетел агенттерінің тізіміне енді. 

"Сіздер мені Yoola (YouTube-тің видео хостинг желісі) арқылы Израильден ақша алды дейсіздер. Жарайды, ол - YouTube серіктес желісі. Демек, YouTube блогерлерінің 70 пайызын шетел агенттері дейсіздер ме? Сол жақтан ақша ресейлік ЖК-ға түсетін, мен әр рубльден салық төледім", - деді әнші.

Пугачева - Галкин 

Галкин Донбасстағы "арнайы операцияға" қарсы мәлімдемелер жасаған еді. Осыдан кейін бірнеше жарнама беруші компания онымен жұмыс істеуден бас тартты, тіпті жоспарланған концерттері өтпеді. 

16 қыркүйекте Ресей Федерациясының Әділет министрлігі шоумен Максим Галкинді шетелдік агент (Украина) ретінде әрекет ететін тұлғалардың тізіміне енгізді.

Жақында Пугачева күйеуімен толық келісетінін айтып, оны да агенттер тізіміне қосуды сұрады. Ал бүгін Пугачева балаларымен Ресейден кетіп қалғаны белгілі болды. 

Андрей Макаревич

2 қыркүйекте Ресей Федерациясының Әділет министрлігі шетел агенттерінің тағы бір тізімін жариялады. Онда музыкант Андрей Макаревич пен актер Михаил Шац та бар. 

"Кеш бойы құттықтап жатыр. Олар жақында қай шетел державасына қызмет ететінімді және ол үшін ақша қайда түсетінін хабарлайды деп үміттенемін", - деп жазды ол. 

Юрий Дудь

Ресей билігі 16 сәуірде журналист, "вДудь" YouTube-арнасының жүргізушісі, блогер Юрий Дудьті шетелден ақша алғаны үшін агент деп таныды. 

"Бұл - YouTube-тен жарнама үшін алынатын әдеттегі монетизация, қызмет көрсету функциясы", - деді журналист өкілдерінің бірі сот отырысында.

Михаил Шац 

2 қыркүйекте шыққан "шетел агенттерінің" тізімінде шоумен, актер Михаил Шац та бар. 

"Маған ешкім ештеңе хабарлаған жоқ. YouTube-арнамның белсенділігі себеп болды деп ойлаймын. Бұл шешімге сотта шағымданамын", - деді Шац. 

Бұдан басқа, Земфира, Валерий Меладзе, Little Big тобы, Вера Брежнева сынды әртістерге Ресей аумағында концерт беруге тыйым салынған. Олар енді қара тізімде

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек