Желіде Айдана Меденованың жаңа образы талқыға түсті

Белгілі әнші Айдана Меденова жаңа образымен халықты таңғалдырды. Ол Instagram-парақшасына жаңа образдағы суреттерін жүктеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің образы айтарлықтай өзгерген. Бұрын оның шашы ұзын болған. Желі қолданушылары оның бұл стиліне түрлі пікір жазған. Тіпті америкалық актриса, модель Ким Кардашьянға, модель Кайли Дженерге ұқсатқандар да табылған. 

"Күйеуіңіздің жолы болған", "Ким Кардашьян", "Қазақтың Айданашьяны (Кардашьян)", "Ай, көз тиіп кетпесін", "Кайли Дженер", "Әдемісің ғой", "От", - деп жазған пікір білдірушілер.

Айта кетейік, Айдана Меденова алты жыл бойы танымал "КешYou" тобының құрамында болған еді. Қазір ол жеке әнші ретінде танылып жүр. Оның репертуарында "Менімен биле", "Тәтті дауыс" секілді әндері бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!