Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы жетістігінен кейін қанша тапты?

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы жетістігінен кейін қанша тапты?
Фото: Instagram/kff_team

Ұлттар лигасында футболдан Қазақстан құрамасы қанша пайда тапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл турнирге қатысқаны үшін Қазақстан С дивизионындағы басқа құрамалар сияқты нақты 1,125 миллион еуро сыйақы алды. 

Ал С дивизионында жеңіске жеткені үшін жоғары сома екі еселенді. Яғни жалпы сыйақы 2,25 миллион еуро болды. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында бірінші орын алып, В тобына жолдама алды. Осылайша, біздің құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатына таласуға мүмкіндік алды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек