Петропавлда тісі ауырған ер адам жансақтау бөлімінен бірақ шықты

Петропавлда тісі ауырған ер адам жансақтау бөлімінен бірақ шықты

Петропавлда тісі ауырған ер адам жансақтау бөлімінен бірақ шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, 47 жастағы ер адам бес күн бойы тісі ауырса да шыдап, өзінше ем-дом жасаған. Бірақ оған қарамастан ауру асқына бастаған. Ер адам ақыры жансақтау бөлімінен бірақ шыққан, тіпті бір күннен кейін жағдайы тіптен нашарлап есін жоғалтқан. Дәрігерлер науқасты аман алып қалу үшін кеуде қуысын тіліп, іріңді құрылғымен шығаруға мәжбүр болған.

"Ауыз қуысында ашық іріңді жара болған, оған қоса мойыны күп болып ісіп кеткен. Диагнозы - "медиастинит". Бұл, шын мәнінде, науқастың өміріне қауіп төндіретін өте күрделі асқыну. Бәрі қарапайым тісжегіден (кариес) басталған", - дейді Петропавл қалалық Көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Ерназар Әділшин.

Ерназар Әділшиннің айтуынша, 2022 жылы осындай диагноздан екі адам қайтыс болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова