"Қазақстанға алғыс айтқым келеді". Оралда ресейліктер сенбілік ұйымдастырды

"Қазақстанға алғыс айтқым келеді". Оралда ресейліктер сенбілік ұйымдастырды

Ресейлік Алексей Сибирский өзіне және отбасына көрсетілген көмек пен қолдауға алғыс ретінде Оралда сенбілік ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.

27 жастағы Алексей Қазақстанға отбасымен, яғни әйелімен, 3 жасар ұлымен және он айлық қызымен келген.

"Санкт-Петербургтен келдік, онда алты ай тұрдық. Бұрын Таиланд пен Қытайда тұрдық. Мамандығым - психолог, Алтай өлкесінде, Бийск қаласында дүниеге келдім. Красноярскіде өстім", - дейді Алексей.

Жақында Алексей экологиялық мәселелер мен бастамалар туралы блог бастаған. Ол эковолонтерлікпен айналысады.

"Мобилизация салдарынан Ресейден кеттім. Қазақстанға келдім, өйткені мұнда менің досым тұрады. Ол Самарадан Оралға келгенін еске түсірдім. Мен де солай істедім. Шекарадан бірден өттім", - деді Алексей.

Алексей қазақстандықтар мейірімді және қайырымды екенін көргеннен кейін оларға алғысын жеткізіп, шағын сенбілік ұйымдастырғанын айтты. Олар шағын өзендерді жазда жиналған қоқыстан тазартқысы келеді.

"Қазақстанда маған көмектескен жақсы әрі мейірімді адамдар бар. Қазақстанға ресейліктерге, маған, отбасыма көмектескені үшін шын жүректен алғыс айтамын. Оралда сенбілік өткізуді ұйғардым. Шағын өзендер бар картаға қарадым, әдетте қоқыс сол жерде жиналады. Бұл ақпаратты Instagram-да жарияладым. Осылайша, көп адам жиналды. Шамамен 50 адам бар. Адамдар өздерімен бірге қолғап пен қоқыс дорбаларын алып келді", - дейді Алексей.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова