"Ажырасқан әйел бақытты болмауы керек пе?"

"Ажырасқан әйел бақытты болмауы керек пе?"

Әнші, актриса Ақбота-Нұр Абайқызы ажырасқан әйелдерге өмір мұнымен аяқталмайды деп, өздеріне сенуге, өмірге басқа көзқараспен қарауға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Instagram Stories-інде бөлісті. Әншінің айтуынша, ажырасқан, баласы бар әйел әдемі өмір сүруге, сүйікті болуға құлшыну керек. Ол өткен күннен сабақ алып, алға қарай жылжу керегін айтты. 

"Әйел заты ажырасса, баласы бар болса, әрі қарай бақытты болмауы керек пе? Өмір сонымен аяқталып, бақытты болудың мүмкіндіктері түгесіліп қалмайды ғой. Сізге айтарым, бұрынғыдан да әдемі өмір сүруге, дұрыс таңдау жасап, сүйікті болуға одан сайын құлшыныңыз! Қадіріңізді білетін азаматқа жолықсаңыз, еңсеңізді көтеріп, сізге қорған болады, өткен күндерге деген өкінішіңіздің орнын толтырады. Сізді бағалайтын адам 5 балаңыз болса да қабылдайды. Демек, өзіңізге уайымды үйіп-төкпей, өмірге көзқарасыңызды өзгертіңіз. Әрбір жан жақсы өмірге лайық. Ең бастысы, өткен күннен сабақ алып, өзіңізді дамытыңыз, өсіңіз, ізденіңіз, бір орында тұрып қалмаңыз. Ажырасу сіз үшін тіршіліктің аяқталуы емес, жаңаша талпыныс пен жаңаша өмір бастауы деп ұғыныңыз", - деп жазды ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек