Apple өкілдері App Store-дан VK неге жойылғанын түсіндірді

Apple өкілі App Store-дан VK қосымшасының жойылуы ұлыбританиялық санкция салдарынан болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Verge сайтына сілтеме жасап.

"Бұл қосымшаларды әзірлеушілер таратады, олардың көпшілігі Ұлыбритания үкіметінің санкцияларына ұшыраған бір немесе бірнеше тарап иелігінде не бақылауында", - деді Apple өкілі Адам Дема.

Жақында Ұлыбритания "Согаз" тобына кіретін "Газпромбанкке" қарсы санкция енгізген. Былтыр компания акцияларының 57 пайыз акциясы сатып алынған. Сонымен қатар, VK бас директоры Владимир Кириенко да америкалық санкцияға ұшыраған.

The Bell мәліметінше, компанияның өзі App Store-дан жойылуына дайын болған.

Еске салайық, бұған дейін "ВКонтакте" мен Mail.ru қосымшалары App Store-дан жойылғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!