Желіде полицей атын жамылып, пәтер тонайтын алаяқтар пайда болды деген ақпарат тарады

WhatsApp әлеуметтік желісінде қарақшылар пайда болғаны туралы ақпарат тарады. Онда қарақшылар полицейлердің атын жамылып, пәтерге кіріп, тұрғындарды тонайтыны айтылады. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Бұл ақпаратты Stopfake.kz фактчекерлері анықтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

ҚР Ішкі істер министрлігі өкілі де бұл ақпаратты жоққа шығарған.

"Бұл деректер бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ. Кейінгі күндері көші-қон ағыны көбеюі елдегі криминоген жағдайға ешқандай әсерін тигізген жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!