"Қайрат Нұртастар жұмыссыз қалайын деп тұр". Танымал әнді орындаған боксшы елді сүйсіндірді

Боксшы Жанқош Тұраров TikTok-парақшасында танымал әнді орындап, видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол AlZaBi тобының "В её танцах нету фальши кругом кругом голова" атты әнін орындаған.

@janqoshturarov

Кругом кругом галава?

♬ оригинальный звук - Janqosh Turarov

Желі қолданушылары видеоға жағымды пікірлер жазған.

"Не деген дауыс", "Түпнұсқадан жақсы", "Қайрат Нұртастар жұмыссыз қалайын деп тұр ғой, сіз өлең айтып кетсеңіз", - деп жазған пікір білдірушілер.

Айта кетейік, AlZaBi тобының құрамында Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас та болған еді. Қазір ол бөлек шыққан. Топтың репертуарында "Қамажай", "Суетолог", "Улети", "1503" секілді әндер бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!