Дастан Оразбеков жұбайымен қандай оқиғадан кейін танысқанын айтты

Дастан Оразбеков жұбайымен қандай оқиғадан кейін танысқанын айтты
Фото: Instagram

Белгілі әнші Дастан Оразбеков Instagram-парақшасында жұбайымен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, олар 2006 жылы танысқан. 

"Тамшылар" әні - жан жарыма білдірген сезімім, арамыздағы махаббат хикаясының бейнесі.

Біз 2006 жылы таныстық, бірақ мен жұмыс бойынша Мәскеуге жол жүруге мәжбүр болдым. Содан қашықтан араласуға тура келді. Сезімімді білдіру үшін оған арнап осы әнді жаздым.

Әннің алғашқы шумағында "Сенсің Жәннәт" деген жолдар бар. Сүйген жанның есімі "жұмақ" сөзімен мәндес болып шықты. Шынымен де, көз алдымда ол маған жұмақтай сезілді.

Міне, осындай оқиғадан "Тамшылар" әні жарыққа шықты, ал онымен жанұямыздың тарихы басталады", - деп жазған ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dastan Orazbekov (@dastanello)

Айта кетейік, Дастан Оразбеков - "Орда" тобының әншісі, актёр. Жеке орындаушы ретінде "Көк аспан", "Кездесу мен қоштасу" сынды белгілі әндері бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова