21 қыркүйектен бері Қазақстанға 100 мыңға жуық ресейлік келген

Ішкі істер министрлігі Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

21 қыркүйектен бері Қазақстан Республикасына 98 мыңға жуық ресейлік келген. Ресейліктердің 64 мыңы елден кеткен. Ал 8000-ға жуық бейрезидент ЖСН алған.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес елдермен тату болу керегін айтып, ресейліктер келе бастағанына қатысты пікір білдірген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!