Жетісу облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан ұрып өлтірді

Жетісу облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан ұрып өлтірді

Жетісу облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан ұрып-соғып өлтірген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға Қаратал ауданы Жаңаталап ауылының маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде болған. 26 қыркүйекке қараған түні ферма аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйелдің денесі табылған.

Жәбірленуші 47 жастағы азаматтық некедегі жұбайымен бірге жергілікті кәсіпкердің біріне жұмыс істеп, оның малын баққан.

"Ерлі-зайыпты бір күн бұрын қонақтарды күткен, олар кеткеннен кейін араларында жанжал туындаған. Қонақтардың бірінен әйелін қызғанған ер адам оны аяусыз соққыға жыққан, салдарынан әйел соққыдан оқиға орнында көз жұмды. Жәбірленушінің жұбайы қамауға алынды. Бұл дерек бойынша тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова