Алматы тауында шыққан өрт әуеден түсірілді

Алматы тауында шыққан өрт әуеден түсірілді

Алматы тауында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 қыркүйекте сағат 09.44-те 112 пультіне Медеу ауданы Көк-Жайлау шатқалында (биіктігі 1720 метр ) құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД, Іле-Алатау МТҰП қызметкерлері жұмылдырылған. 

Оқиға орнына көлікпен бару мүмкін болмағандықтан, құтқарушылар жаяу көтеріліп жатқаны белгілі болды.

Төтенше жағдайлар министрінің өкімімен жедел әрекет ету үшін "Қазавиақұтқару" АҚ су ағызу құрылғысы бар тікұшақ та жұмылдырылған. Өрт ауданы анықталып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова