WhatsApp қазаннан бастап кейбір iPhone-да жұмысын тоқтатады

Қазаннан бастап WhatsApp мессенджері iOS-тың кейбір ескірген нұсқаларында жұмыс істемейді, - деп хабарлайды WABetaInfo.

"Өкінішке қарай, WhatsApp енді iOS 10 және iOS 11 нұсқаларында жұмыс істемейді. Қолданушылар мессенджерді пайдалану үшін жүйені кейінгі нұсқаға жаңарту туралы хабарлама ала бастады. Қосымша 24 қазаннан кейін ОЖ-нің осы нұсқаларында жұмыс істемейді", - делінген хабарламада.

Осы уақытқа дейін танымал iPhone5 және iPhone 5c смартфондары iOS 12 жүйесін жүктей алмайды. Осылайша, қазанның соңында WhatsApp мессенджері осы модельдер үшін қолжетімді болмайды.

iPhone 5 және оның жалғасы iPhone 5c 2012 және 2013 жылдары шыққан болатын. Екі модель де iOS 7-iOS 10 операциялық жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!