"Бүкіл Ресей көшіп келсе де сол бағамен тұрады". Пәтер иесінің әңгімесі Қазнетті тәнті етті

"Бүкіл Ресей көшіп келсе де сол бағамен тұрады". Пәтер иесінің әңгімесі Қазнетті тәнті етті
Фото: TikTok

Желіде ресейліктер келуіне байланысты жалдамалы пәтерлерінен шығып қалып жатқандардың немесе пәтер құнын шарықтатып жібергендердің видеосы тарап жатыр. Алайда арасында бұл жағдайдан пайда тауып қалуды көздемегендердің де видеолары бар. Massaget.kz тілшісі әлеуметтік желілерде тараған видеоларға шолу жасады.

TikTok-та тараған видеолардың бірінде ер адам пәтерін жалдап тұрып жатқандарға уайымдамауға болатынын айтады. Бұл видео 46 мыңнан аса қаралым жинаған. Видеоға 1500-нан аса пікір жазылған.

"Пәтер бағасын көтермеймін, уайымдама. Мынадай заманда қазақтар өз-өздеріне көмектесуі керек. Біздің ақымақтар не істеп жатқанын білмей жүрмін. Уайымдамай, тұра беріңдер. Ақырындап өтеміз ғой", - видеодағы ер адам.

@erbol_888 #Асекелержасасын #рекрек ♬ оригинальный звук - Ербол

Жантебірентер видеоға жағымды пікірлер жазылыпты.

"Әр қазағым жалғызым", "Жылағым келіп кетті", "Мен тұрып жатқан пәтердің иелері де келіп кетті, "ештеңе өзгермейді" деп айтып кетті. Алла разы болсын!", "Әсет мырза топ-топ, Әсет мырза рақмет", - деп жазған пікір білдірушілер.

Осындай видеолардың бірін белгілі блогер Дәулет Мұқаев Instagram-парақшасында жариялаған.

"Май гад, май гад! Достар, Жәмила ханымға рақмет айтамыз. Жәмила ханым топ-топ! Жәмила ханым, рақмет сізге. Падам-падам! Осындай пәтер иелері көп болсын. Өзгелерге де сабақ болсын", - деп жазған Дәулет Мұқаев. 

Видеода үй иесі әзілдегені көрінеді.

"Әлихан жаным, қалайсың? Аман-есенсіңдер ме? Әлихан, "Ресейдің жартысы келе жатыр" дейді, естідің бе? Деп сенің есіңді шығарайын дегем. Бірден айтайын, ештеңенің бағасын көтермеймін. Тыныш ұйықтай беріңдер. Сен кетем дегенше, сол бағамен тұрады. Тек тыныш отырсаңдар болды. "Жәмилә тәте, көтеріп жібермей ме екен" деп уайымдамасын деп. Бүкіл Ресей көшіп келсе де, сол бағамен тұрады. Себебі келісім бар. ...Пәтер құнын көтеріп жатқандар бүкіл ақшаны алып кете алмайды ғой бұл дүниеден..." - дейді видеодағы әйел адам.

Желі қолданушылары пәтерін жалға берген әйелдің әрекетіне тәнті болған.

"Аллам үйіп-төгіп береді бұл кісіге. Берерін тауыспасын!", "Көп болсын осындай жандар", "Жәмила ханымдай адамдар аз-ау өмірде. Біздің пәтер де екі есе бағасына көтерілді. Басқа пәтер қарастырып жатырмыз. Далада қалмасақ болғаны", "Біз де соның қатарындамыз, көбейтпедік", - дейді пікір жазғандар.
 

TikTok-та тараған тағы бір видеода әйел адам жұрттың көз жасына қалу дұрыс емесін жеткізген. Қызы оның реакциясын тексеріп көрмек болып, пәтер бағасын көтеріп-көтермейтінін сұраған.

"Әрең жүрген адамның көз жасына қалып, неге керек? Ол тапқан ақша арам болады. Бұл жағдайды пайдалануға болмайды. Сен ел емессің... Керек емес. Мен артық көтермеймін", - дейді видеодағы әйел адам.

 @myrzaevna Ответ мамы? елдің көз жасына қалып, зачем?! #квартира #алматы #россия #мобилизация #крыша ♬ оригинальный звук - Алюш?

Пікір жазғандар да мұндай ақша берекелі болмайтынын жазған.

"Қарындасым, анаң бір айтатын адам-ау деймін, сізге нақты жауап қайтарды ғой, осындай апаларымыз аман болсын", "Міне, нағыз қазақ апа", "Апамыз дұрыс айтты! Шынымын, берекелі болсын!", "Ақылды екен анаң, айтқан сөзіне қуанып кеттім", "Анаңызға "Терапия Души" атты концертіме билет сыйласам бола ма?" - деген Желі қолданушылары.

Желіде тараған тағы бір видеода үй иесі пәтерін жалдап тұратындарға пранк жасайды.

"- Жаңалықтарды естіп жатқан шығарсыңдар?

- Аха, естіп жатырмыз. Бізге 1 ай уақыт беріңізші, қазір көшетін ақшамыз болмай тұр.

- Менде ондай уақыт жоқ.

- Өтінемін, аға.

- Айтайын дегенім, уайымдамай тұра беріңдер. Бағаны көтермеймін, кішкене пранк жасайын дегенмін. Уайымдамай сабақтарыңды оқып жүре беріңдер", - дейді видеодағылар.

@ertai9027

Коркып кеттым

♬ Грустная музыка - MR & AT

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова