Павлодарда жасөспірім 14-қабаттан құлап қаза болды

Павлодарда жасөспірім 14-қабаттан құлап қаза болды

Павлодарда жасөспірім бала 14-қабаттан құлап қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"25 қыркүйекте Павлодар полициясына 18:00 мен 19:00 аралығында Назарбаев даңғылы №50 үйдің 14-қабатынан 2007 жылы туған жасөспірім құлап кеткені туралы хабар түсті. Жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптама жұмыстары белгіленді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова