Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды

Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды

Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты "Тобыл" бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп, шекара бұзбақшы болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстады", - делінген хабарламада. 

Шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірді.

"Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, оның нәтижесінде ол адамдар ресейлік тарапқа беріледі. Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттері бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін еске саламыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова