Шуда атыс шығарған күдіктілер ұсталды

Шудағы атысқа қатысы бар күдіктілер қамауға алынды. Атыс шығарғандардың бәрі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен соталды тергеу амалдары басталды.

Оқиғаның екі белсенді қатысушысы - 22 және 27 жастағы Шу қаласының тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшінші күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр.

Нәтижесіне сәйкес қамаққа алу мәселесі қаралады. Сондай-ақ, тағы бір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.

Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмас Саламатовтың айтуынша, 25 қыркүйекте кешке Шу ауданының орталық ауруханасына 23, 25, 26 жастағы төрт жігіт жеткізілген.

Төртеуі де атыс қаруынан ауыр жарақат алып, оның біреуі ауруханада қайтыс болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!