Шуда атыс болды: күдіктілер іздестіріліп жатыр

Шуда атыс болды: күдіктілер іздестіріліп жатыр

Жамбыл облысының Шу ауданында болған атыста 4 адам зардап шекті. Біреуі ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Рolisia.kz басылымы.

"Шу ауданындық ауруханасына 23, 25 және 26 жастағы (екеу) төрт азамат оқ-дәрілермен жарақат алып түсті. Олардың бірі кейінірек аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, хабар Шу аудандық полиция бөліміне 2022 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 00.18-де ауруханадан түскен.

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі-тармағымен соталды тергеу басталды. Күдікті ретінде Төле би ауылының 22 жастағы тұрғыны анықталды, оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды басылым.

Қазіргі уақытта толық тексеру жұмыстары жүргізіліп, аудандық прокуратураның қадағалауымен қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларымен рұқсат етілген уақыт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жақын арада оқиғаға тікелей қатысқан жеткізілген адамдарға қатысты заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова