"Қазақтелеком" бірқатар қазақстандық БАҚ-қа шетелден шабуыл жасалғанын растады

"Қазақтелеком" бірқатар қазақстандық БАҚ-қа шетелден шабуыл жасалғанын растады

"Қазақтелеком" бірқатар қазақстандық БАҚ-қа шетелден шабуыл жасалғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, шабуыл 24 қыркүйекте тіркелген.

"Қазір біз сайттарды қалпына келтіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл кейбір сыртқы интернет-ресурстарға кіру жылдамдығының ішінара төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жұмысты жақын арада аяқтау жоспарланып отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген "Қазақтелеком" АҚ байланыс бөлімі таратқан хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова