Хат қалдырған: Таразда жасөспірім 12-қабаттан секіріп кетті

Таразда 14 жастағы кәмелетке толмаған бала 12-қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жасөспірім оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болған. Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 105-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жасөспірімнің өзіне қол жұмсау себептері анықталып жатыр. Оның өлер алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейтіні айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!