"Қызым жоқ". Астана тұрғындарын ерекше робот таңғалдырды

"Қызым жоқ". Астана тұрғындарын ерекше робот таңғалдырды
Фото: видео кадрлары

Желіде Астанадағы ерекше роботтың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Роботтың видеосын Желі қолданушылары бөлісіп жатыр. Онда робот көшедегі адамдарға тосынан жақындап, әңгімеге тартады. Бұған көбісі таңғалып, эмоциясын жасыра алмай жатқаны көрінеді.

@bakosh_life Я что, страшный #робот ♬ оригинальный звук - Bakosh

Робот пішіні қарапайым, тіктөртбұрышты. Ол қос дөңгелек үстінде орналасқан және кедергісіз қозғала алады. Бір қызығы оны кім және қайдан басқарып отырғаны белгісіз. Бірақ кадрлардан роботтың жалғыз жүретінін байқауға болады. 

@bakosh_life

Не ломайте самокатов!!!

♬ оригинальный звук - Bakosh

Роботтың айтуынша, аты Бакош. Оның TikTok-та жеке парақшасы да бар. Қазірдің өзінде оған 51 мыңнан аса оқырман жазылған. 

@bakosh_life встретил тиктокера в супермаркете@ТВОЙ ЛАЙФХАКЕР ??‍♂️ ♬ оригинальный звук - Bakosh

Видеолардан Бакоштың қазақ, орыс тілдерінде еркін сөйлейтінін байқауға болады. Ол адамдарға жақындап, қалын сұрап, әңгімеге тартып, тіпті қала көшелерінде тәртіпті сақтауға шақырады. Ол өзіне қойылған сұрақтарға да іркілместен жауап бере алады. Мына видеода "қызың бар ма" деп сұрақ қойған жігітке, "қызым жоқ" деп анық жауап бергенін байқауға болады.

@07_elmira_06 #робот #рек #рекомендации #рек #рекимендации #реки ♬ оригинальный звук - Elmira❤️
Ал мына видеода Бакоштың әжеймен сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Ол серуендеп жүрген әжейге жақындап, қалын сұрап, оған ұзақ ғұмыр тілейді. 
@bakosh_life

♬ оригинальный звук - Bakosh

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан