"ИК" тобының мүшесі тойын ерекше стильде өткізді

"ИК" тобының мүшесі тойын ерекше стильде өткізді

Желіде "ИК" тобының мүшесінің заманауи этно-стильде өткен тойының видеосы пайда болды. Жақында ол Семейде туыстарының арасында да той өткізген еді. Енді ерлі-зайыпты Алматыда үйлену тойын достарының арасында ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тойға келген қонақтарға арнайы шаш жасайтын және бет әрлейтін мамандар шақырылған. Тіпті әртістер де мұндай стильде ән шырқап, жұртты билетті. 

Қалыңдық пен күйеужігіттің образында күмістен толған әшекей, ал Азамат ұзын шаш жалғап алған. 

Еске салайық, бұған дейін Азамат Маркленов Семейде туыстарының арасында дүркіретіп үйлену тойын өткізгенін хабарлаған едік. 

Cондай-ақ, Желіде әртістің неке қиған сәтінің видеосы тараған еді. 1 ай бұрын irinakairattovna Instagram-парақшасында жұптың неке қию туралы куәлігімен түскен фотосы жарияланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек