Семейде "ИК" тобының әншісі дүркіретіп үйлену тойын өткізді

Семейде "ИК" тобының әншісі дүркіретіп үйлену тойын өткізді
Фото: Instagram/irinakairattovna 

"Ирина Қайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов Семейде үйлену тойын жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Instagram-парақшаларда жарияланды. "Ирина Қайратовна" тобының солисі Азамат Маркленов Семейде тойын дүркіретіп өткізді. Тойдың соңында жігіттер өз репертуарындағы әндерді шырқап, жұртты билетті. 

CHICHIHSAN - Азамат Маркленовтің әйелі Чинар Ихсанның сахналық есімі. Чинар Ихсанның да музыкаға жақындығы бар. Ол 2019 жылы Neon дебют трегін шығарды.

Instagram/marklenov 

Еске салайық, бұған дейін Желіде әртістің неке қиған сәтінің видеосы тараған еді. 1 ай бұрын irinakairattovna Instagram-парақшасында жұптың неке қию туралы куәлігімен түскен фотосы жарияланды. 

Instagram/irinakairattovna

Instagram/irinakairattovna 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек