"Соғыстамын". Интернетте жігітпен танысқан әйел 2 миллион теңгесінен айырылды

Желі арқылы жігітпен танысқан Ақсу тұрғыны 2 миллион теңгесінен айырылды. Әйелдің алаяқ сүйіктісі соғыста жүрмін деп алдаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу қаласының 33 жастағы тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Алданып қалған әйел екі миллион теңгесін алаяққа беріп қойған.

Тұрғын жігітпен Желі арқылы танысқаны белгілі болды. Ол оған Ресей-Украина соғысында жүргенін және жақында Қазақстанға келетінін айтқан. Хат алмасу кезінде ол өз сөздеріне сендіріп, жылы сөздер айтқан.

Кейін "сүйікті" досы қыздан жеке заттары, құжаттары және 50 мың доллар көлеміндегі қолма-қол ақшасы бар пакетті алуды өтінген. Бірақ сәлемдемені шекарадан өткізу үшін мемлекеттік баж салығын және кедендік анықтаманы төлеу керек екенін айтқан.

Әйел бірден жақын маңдағы банктен 2 миллион теңге несие рәсімдеп, корреспонденцияда көрсетілген банк шотына жіберген. Ал ақшасын алып алған алаяқ байланысқа шықпай қойған.

"Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!