Қазақстандық спортшы шосседегі велоспорттан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы шосседегі велоспорттан әлем чемпионы атанды
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық Евгений Федоров аустралиялық Вуллонгонгта шосседегі велоспорттан 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол топтық жарыста (169.8 шақырым) жеңіске жетті.

Екінші орынды Матиас Вачек (Чехия) иеленді. Ал норвегиялық Сорен Вереншельд үздік үштікті түйіндеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш