Желіде оқушыларға арналған "Күнделік" бағдарламасы ақылы болатыны туралы ақпарат тарады

Желіде оқушыларға арналған "Күнделік" бағдарламасы ақылы болатыны туралы ақпарат тарады
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Telegram-арналарда "Күнделік" бағдарламасы ақылы болатыны, ата-аналар баланың үлгерімін тексеру үшін ақша төлейтіні туралы ақпарат тараған. Дегенмен бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Оны Stopfake.kz фактчекерлері тексерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты ҚР Оқу-ағарту министрлігі де жоққа шығарған.

"Күнделік" - қазақстандық мектептерге арналған цифрлық білім беру платформасы. Негізгі функционал оқушыларға, педагогтерге және ата-аналарға тегін ұсынылады. Бұл кіру, бағалау, үй тапсырмалары, сабақ жоспарлары және т.б. Бұл әрекеттер ақылы болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова