Шетелде үйі бар қазақстандық жұлдыздар

Шетелде үйі бар қазақстандық жұлдыздар
Фото: © instagram

Қазір Қазақстаннан бөлек шетелден пәтер алып қою сәнге айналған. Бұл үрдіс танымал өнер адамдары арасында жиі байқалады. Massaget.kz тілшісі шетелден үй алған әртістер кімдер екеніне шолу жасады.

Мәдина Сәдуақасова

© instagram/sadvakasovamadina

Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова Аланиядан үй алған. Бұл туралы ол Желідегі парақшасында жариялаған.

"Аланиядан пәтер алып өз-өзіме сыйлық жасадым! Әнуарды мектепке жібердік, туған күн міне келіп қалды әрі бері ақшамызды шаша бермей әрнәрсеге, бір үй алып қояйық дедік! Демалысқа келгенде қонақүй емес, өзіңнің дап-дайын үйіңе барған жақсы емес пе?! Өз-өзіме сыйлық жасадым" - деп жазған ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Желі қолданушылары арасында пәтер құнын сұрағандар да табылған.

"Күшті, құтты болсын! Бізге де бұйырсын, пәтер алу!", "Керемет сіздер үшін қуаныштымыз. Бізге де бұйырсын", "Қанша тұрады екен, а? Күшті екен! Құтты болсын!", "Қаншадан екен бұл үй?" - деп жазған пікір білдірушілер.

Тәуекел Мүсілім

© instagram/mussilim

Танымал актер Тәуекел Мүсілім де Түркиядан пәтер алған. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында айтқан еді. Актер Желідегі парақшасында алдымен Аланияда демалып жүрген сәттерінің видеоларын жүктеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАУЕКЕЛ МУСИЛИМ (@mussilim)

Ал кейінірек ол пәтер алғанын жазды.

"Отбасылық демалысымыздың бітуіне аз уақыт қалды. Оны Айтөренің түрінен байқауға болады, келесі суретте. Бұл жолы Аланияға келуімнің себебі біз пәтер алған құрылыс компаниясына жарнама түсіру болды. Аллаға шүкір бәрі іске асты", - деп жазды актер.

Актердің оқырмандары оның қуанышына ортақтасып, жағымды пікір жазған:

"Үй-жай құтты болсын! Әр отбасында қуаныш көп болсын!", "Әлемдік дәрежеге шыққаның құтты болсын, палуан! Қоныс құтты болсын!", "Бақыттарың баянды болсын, құтты болсын!", "Тіл-көзден аулақ болыңдар", - деп жазған Желідегілер.

Алтынай Жорабаева

Шетелден үй алған, соның ішінде таңдауы Түркияға түскендердің бірі - Алтынай Жорабаева.

"Алла ұлық! Алла ұлық! Барлық мақтаулар мен мадақтар тек Аллаға ғана тән. Түркия елінен, Аланья қаласынан, теңіздің жағасынан 7 жұлдызды 2+1 (3 бөлмелі) пәтер сатып алдық. Үй Алла бұйыртса 2022 жылы желтоқсанында салынып біткенше, бөліп төлейміз. Әр қазаққа жұғысты болсын! Демалуға келіп тұрамыз, Алла қаласа. Басқа уақытта жалға беріп, ақша табуға болады!" - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Желі қолданушылары жағымды жаңалыққа жақсы пікірлер жазған.

"Құтты болсын! Жұғысты болсын!", "Құтты болсын, рахатын көріңіздер, бізге де жұғысты болсын", "Алтынай, құтты болсын, үйдің іші балапанға сырты малға толсын", - деді әншінің оқырмандары.

Қыдырәлі мен Қарақат та үй алып көшті ме?

Ел арасында "үй алды, көшіп кетті" деген қаңқу сөзге іліккендердің бірі - Қыдырәлі мен Қарақат. Алайда бұл әңгіменің нүктесін Қарақат өзі қойған.

"Қыдырәлі мен Қарақат Түркияға көшіп кеткен жоқ, жай демалып жүр деп айтқым келеді, сыртымыздан тон пішіп жүргендерге", - деп жазды Қарақат Әбілдина Желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Кейінірек әнші өздері мен балаларының денсаулығы үшін біраз уақыт сонда болуды шешкендерін жазған еді.

"Осы жақта қалуымызға басты себеп - теңіз, күн. Теңізден бөлінетін пайдалы минералдар жанға дауа, дертке шипа. "Д" дәруменін де адам күннен алады, сондықтан балаларымыздың денсаулығы үшін осы елде болайық деп шештік. Денсаулықтан қымбат не бар?! Ұзақ уақыт үйден шықпай отырғаннан шыны керек бала түгіл өзіміз де бастырылып қалдық. Сөйтіп отырғанда достарымыз шақырып, ойламаған жерден Түркиядан бір-ақ шықтық. Бұйырған кетпейді . Қуған жетпейді. Құлыншақтарымыз мәз. Климаты жақты. Жылы жақтан енді қайтқылары жоқ. Мына заманда басымыздың амандығы, деніміздің саулығынан артық құндылық көріп тұрғаным жоқ... Індеттің беті қайтып, қыстан аман шықсақ, сүт сәбиімді ширатып алсам әрі қарай барлығы жақсы болады деп сенемін. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер, бұл сынақтан иммунитеті мықтылары ғана шығады екен. Сабырлы болайық! Сақ болайық! Алла баршаңызға жар болсын!" - деді Қарақат.

Айнұр Тұрсынбаева

Танымалдар арасында Түркияға көшіп кеткендер де жоқ емес. Соның бірі - Айнұр Тұрсынбаева. Айтыскер ақын жақында ғана ұлының тойын жасап, "бриллиант таратты" деп ел аузында жүр. Сол тойға барғандардың бірі әнші Ерке Есмахан Айнұр Тұрсынбаеваның Түркиядағы зәулім үйін көрсеткен еді. 

"Қонаққа келдік. Кіреберісте осындай әдемі гүлдер, қандай әдемі үй! Қоныс жайлы болсын, тойды жалғастырып, тойлауға келіп қалдық", - деген еді әнші Stories-інде.

© instagram/erke_esmahan

Түркияға көшті дегендердің қатарында Бекболат Тілеухан да болған еді. Алайда ол шетел азаматтығын алуға өтініш бермегенін мәлімдеген болатын. 

"Бұл мәлімдемеге себеп болып отырған - жанашыр бауырларымның хаттары. Ақылға сыймайтын нәрсеге нанбайтын шығар деп ойлап едім. Сөйтсем "басқа елдің азаматтығын алуға өтініш беріпті" дегенге кәдімгідей ел иланып жатыр. Бұлай мәлімдеме жасамасқа болмайтынына көзім жетіп айтып отырмын. Айтайын дегенім, қадірлі бауырлар, мен ешқандай да өзге елдің азаматтығын алуға өтініш берген жоқпын. Қазақстанда екі азаматтыққа тыйым салынған. "Көк" паспорттан айырылатын ойым жоқ. Сайқал саясаткерлердің жаласы. "Ұлыс Медианы" сотқа беремін. Олар сотқа беретінімді біліп, әртүрлі нәрсе жасауы мүмкін ғой. Бірақ сарапшылар бар. Сотта кездесеміз", - деген еді саясаткер. 

Әсел Сәдуақасова

© instagram/asselsadvakassova

Актриса Әсел Сәдуақасова Балиге (Индонезия) көшіп барған. Ол әлеуметтік желіде жаңа үйін көрсеткен еді.

Әсел Сәдуақасова Instagram-Stories-те бассейні мен жеке террасасы бар апартаментін көрсеткен болатын.

© instagram/asselsadvakassova 

"Виллаларда тұрдым, енді жер үйде үлкен отбасыммен бірге тұруды ұйғардым. Себебі маған ыңғайсыз болды және көршілерім болғанын қаладым. Сондықтан осы апартаментті алдым. Балиде мұндай пәтерлерді табу қиын, дәлірек айтсақ, тек өзімдікін көрдім.

Ішке кірген бойда өз үйім екенін түсіндім. Мен мұнда бұрын да тұрған сияқтымын. Осында болғаныма өте қуаныштымын", - деп эмоциясын бөлісті Әсел Садуақасова әлеуметтік желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Assel Sadvakassova (@asselsadvakassova)

Танымалдардың басым көпшілігінің таңдауы Түркия еліне, соның ішінде Аланияға түскен. Алания - Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы курортқа арналған қаласы. Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, Аланиядағы пәтерлер құны әртүрлі. Жағдайына, тұрған жеріне байланысты өзгере береді. Бірақ шамамен 33 миллионнан басталатынын байқауға болады.

Еске салайық, бұған дейін танымал қазақстандықтардың үйі туралы материал жариялаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова