Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай: ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеме жасады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өкілі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгінде Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан. Орнатылған 30 автомобиль өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты төртеуінде кептеліс байқалып жатыр. Ахуал ерекше бақылауда. Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп жатыр. Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін ресейліктерге Қазақстанда қанша уақыт тұруға рұқсат етілгені туралы материал жарияланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!