Тоқаев өрт сөндіру саласының қызметкерлерін марапаттады

Тоқаев өрт сөндіру саласының қызметкерлерін марапаттады
Фото: ТЖМ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт сөндіру саласының қызметкерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі №1020 Жарлығымен Әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін:

"Ерлігі үшін" медалімен

1. Ахметқалиев Сұлтан Сәкенұлы - Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

2. Әбуқалық Азат Рысқалиұлы - ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;

3. Әкім Алдияр Ермекұлы - ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;

4. Бағытжанов Нұрсұлтан Жұмашұлы - ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №23 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

5. Базаров Ержан Оралханұлы - ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі;

6. Байбөгенов Аслан Тәуекелұлы - ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

7. Бауэр Алексей Александрович - волонтер;

8. Боромбаев Айдос Сағынайұлы - ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №21 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі;

9. Ержанов Айбек Ахметбекұлы - ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ әуекемесінің командирі;

10. Жапаров Самат Таласпайұлы - ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

11. Жолдасов Нұрсұлтан Өмірсерікұлы - ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;

12. Қайыров Қуанышбек Жұмабайұлы - Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 5510 әскери бөлімінің сержанты;

13. Махамбетов Алмат Арыстанбекұлы - ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;

14. Мусин Абай Боранбайұлы - Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының старшинасы;

15. Рахин Ербол Қайырбайұлы - волонтер;

16. Төлеухан Әнуар Жанатұлы - ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

17. Флейтлинг Александр Аликович - Қорғаныс министрлігінің 31775 әскери бөлімінің материалдық-техникалық ротасының трактор жүргізушісі;

18. Хасенов Мұрат Қалиханұлы - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компания" АҚ өрт сөндіру пойызының бастығы;

19. Шайсұлтанов Медет Еркінұлы - ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

20. Щурихин Максим Сергеевич - ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі наградталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина