Шымкенттегі жатақханада студент қайтыс болды

Шымкентте жатақханалардың бірінде студент қайтыс болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жігітке көмек көрсетіп үлгермеді.

Әл-Фараби АПБ қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!