Beeline-ның интернет байланысында ақау шықты

Beeline-ның интернет байланысында ақау шықты

Beeline Kazakhstan интернет байланысында ақау шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы компания өкілдері мәлімдеді. Айта кетейік, желіде тұрғындар ұялы байланыс операторының интернеті өшіп қалғанын жазып, шағымданған болатын.

"Интернет өшіп қалды", "BeeTV де істемей тұр", "Ең аз дегенде интернет болмайтынын ескерту керек еді ғой", - дейді тұрғындар. 

Компания өкілдері тұрғындардың шағымына жауап берді. 

"Алматы қаласы және Алматы облысы, Қонаев, Талдықорған, Қызылорда қалалары мен облыстары уақытша оффлайн. Сәл сабыр етіңіз, жуырда мобильді және үйдегі интернет қалпына келтіріледі", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина