Жастарға арналған 3 миллион теңгені қалай алуға болады?

Жастарға арналған 3 миллион теңгені қалай алуға болады?
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

14 пен 29 жас аралығындағы жастар мемлекеттік конкурсқа қатысып, 3 миллион теңгенің грантын ұтып ала алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, былтыр Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлаған болатын. Биыл қыркүйекте министрлік өкілдері конкурсқа өтініш қабылдау 25 қыркүйекке дейін созылғанын мәлімдеді. 

Грант берудегі мақсат - белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау. 

Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:

"Ғылым" - ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

"Мәдениет" - Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

"Ақпараттық технологиялар" - жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;

"Бизнес" - экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

"Медиа" - жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады:

1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды);

3) шығыстар сметасының жобасы;

4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина