Бір түнде үш көліктің айнасын ұрлаған астаналық ұсталды

Бір түнде үш көліктің айнасын ұрлаған астаналық ұсталды
Фото: polisia.kz

Елорда тұрғыны бір түнде үш көліктің айнасын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында Renault Duster автокөлігінің бүйір айнасын ұрлап, 60 мың теңге материалдық шығын келтіргені туралы арызданған.

Астана қаласы ПД Алматы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады. Ол 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Полицейлер қаскүнемнің сол түні елордада жасаған Toyota Estima және BMW Х5 көліктерінің айналарын ұрлаудың тағы екі дерегіне қатысы барын анықтады. Ол ұрланған мүлікті сатуды көздеген.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Оның астана аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина