Головкиннің өкілі Димаш фонограммамен айтты деп айыптағандарға жауап берді

Головкиннің өкілі Димаш фонограммамен айтты деп айыптағандарға жауап берді
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Геннадий Головкиннің өкілі Жанар Өтешева Telegram-арнасында Димаш фонограммамен айтты деп айыптағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Айтпақшы, Димаш фонограммамен айтты деп жазып жатқандар, дайындық кезінде оған барлығы қалай қол шапалақтағанын көрсеңдер ғой. Мексикалық әртістер де, басқалары да суретке түскісі келіп, өтінгендерін көрсеңдер. Америкалықтар әнді түрлі етіп айтуды білмейді, сондықтан оның даусы емес деп ойлайды. Google-дың көмегіне жүгініңдер, Карл. Димаш Құдайберген - ерекше тұлға", - делінген жазбасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек