Қазақстандықтар алаяқ курьерлер пайда болғаны туралы хабарлама таратып жатыр

Қазақстандықтар алаяқ курьерлер пайда болғаны туралы хабарлама таратып жатыр
Фото: © elements.envato.com

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде алаяқтықтың жаңа түрі туралы дауыстық хабарлама таратып жатыр. Хабарламада адамдарға арзан тауарлар жеткізілетіні, содан кейін қымбат смартфон "алғаны" үшін төлем жасау ұсынылатыны айтылады. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды. Бұл ақпаратты Stopfake.kz фактчекерлері анықтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хабарламада бір әйел Алматыда алаяқтардың әрекетінен 12 адам зардап шеккенін айтады, оның сөзінше, олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Сондай-ақ, Петропавлда да осылай алданып қалған адамдар бар екен. ҚР Ішкі істер министрлігі мәліметінше, елде мұндай алаяқтық дерегі тіркелмеген.

"Бұл - 2020 жылы тараған ескі ақпарат. Мұндай алаяқтық деректері Алматыда да, Петропавлда да тіркелген жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова