Желіде алаяқтардың тағы бір схемасы "әшкере" болды

Желіде алаяқтардың тағы бір схемасы "әшкере" болды

Желіде алаяқтықтың жаңа түрі туралы фейк тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хабарламада алаяқтар хабарласып, вакцина салдырғаныңыз туралы ақпарат алатыны айтылған. 

"Егер вакцина салдырған болсаңыз 1-ді басуды сұрайды. Басқаннан кейін телефон бұғатталып қалады. Көп адамның банк картасы ұялы телефонының нөмірімен байланысты. Сондықтан осылай хабарласқан кезде абай болыңыз", - делінген хабарламада. 

Алайда бұл фейк. Мұндай жүйе туралы алғаш ақпарат Үндістанда тараған. Тіпті алаяқтар хабарласатын нөмір тарап кеткен. Бірақ ол, шын мәнінде, жоқ нөмір болып шықты. Делидің киберқауіпсіздік бөлімі мұндай жүйе барын растамаған. Телангана штатының полицейлері де мұндай жүйе жоғын айтқан.  

Артынша, бұл фейк Қазақстанда да тарай бастаған. Stopfake.kz фактчекерлерінің мәліметінше, телефонмен сөйлесу кезінде бір санды басу арқылы телефонды бұғаттау немесе банк картасына қол жеткізу мүмкін емес.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина