Алматы тауларынан екі күн бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

Алматы тауларынан екі күн бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

Алматыда екі күн бұрын жоғалып кеткен Виктория Солдатованың денесі таудағы өзен бойынан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 18 қыркүйекте Әуезов аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан 1988 жылы туған әпкесі В.В. Солдатованың жоғалып кеткені туралы арыз түскен.

"Арызданушының айтуынша, 17 қыркүйекте сағат 10:00 шамасында В.В. Солдатова үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Сонымен қатар, сіңлісінің сөзінше, әпкесі өзінің жігітіне тауға баратынын айтқан, сәлден соң жігітке өзін өрмекші шағып алғаны туралы жазған",- деді ведомство өкілдері.

Іздестіру іс-шаралары барысында таулы аймақта өзен бойынан Солдатованың денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

"Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп атап өтті полиция өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова