Астанадағы саябаққа ІІ Елизавета есімі беріледі

Астананың Орталық саябағындағы алаңдардың біріне Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета есімі беріледі. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18 қыркүйекте Мәулен Әшімбаев Вестминстер холда патшайыммен қоштасу рәсіміне қатысып, ресми көңіл айту кітабына Қазақстан Республикасы атынан жазба қалдырды. Сол күні Сенат төрағасы Букингем сарайында Король III Чарльздың атынан Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдерінің мемлекет, үкімет, халықаралық ұйымдар басшылары мен корольдік отбасы мүшелерінің құрметіне арналған аза тұту рәсіміне қатысты.

"Король ІІІ Чарльзбен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысының атынан көңіл білдірген Сенат төрағасы сұхбаттасушыға ел Президентінің шешімімен таяуда Астананың орталық саябағы алаңдарының біріне патшайым ІІ Елизавета есімі берілетінін айтты. Ұлыбритания монархы 1996 жылы Қазақстанға жасаған сапарын жылы шыраймен еске алып, марқұмға деген осындай жақсы қарым-қатынасы мен ықыласы үшін ризашылығын білдіріп, республика басшылығы мен халқына игі тілегі мен ризашылықтарын жеткізді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!