Есеп - 32:0. Қазақстандық команда тарихи жеңіске қол жеткізді

Көкшетаулық "Оқжетпес" әйелдер футбол клубы өз тарихындағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді. Бұл Қазақстан чемпионатында қызылордалық "Қайсарға" қарсы ойында болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

13-турдың кездесуі Көкшетауда өтіп, алаң иелері 32:0 есебімен жеңіске жеткен. Бірінші таймда 17 гол соғылды.

Осы жеңістен кейін "Оқжетпес" 38 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр, қоржынында бір ұпайы бар "Қайсар" соңғы, алтыншы орынға жайғасты.

"Оқжетпес" келесі ойынын 8 қазанда өз алаңында "БИІК-Шымкент" командасымен өткізсе, "Қайсар" сол күні өз алаңында астаналық "Жас-Сұңқарды" қабылдайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!