"Үрейлі дыбыс". iPhone 14 камерасынан ақау шықты

"Үрейлі дыбыс". iPhone 14 камерасынан ақау шықты
Фото: www.apple.com

Жаңа iPhone 14 иелері смартфон камерасындағы ақауға шағымданады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы видеолар MDK Telegram-арнасында пайда болды. 

"Әлеуметтік желіде iPhone 14 және iPhone 14 Pro Max телефон камерасы арқылы видео не сурет түсіргенде, смартфон "дірілдеп", үрейлі дыбыс шығара бастайды. Бұл жақында шыққан iOS 16 үшін қосымшалардың нашар бейімделуіне байланысты болуы мүмкін", - делінген жазбада.

Айта кетейік, орпорация сайтында да, Желідегі парақшаларында да бұған қатысты түсінік берілмеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек