Алматыда ондаған студент жаппай төбелес шығарды

Алматыда ондаған студент жаппай төбелес шығарды

Алматыда жаппай төбелескен студенттер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жақын маңдағы ойын-сауық мекемесінде мерекелік іс-шараны тойлап жатқан Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттері төбелес шығарған.

Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.

"Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелес шығарғандардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі", - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина