"О, Құдай! Рас па?" Түркия президенті Нью-Йорктегі саябақта қыдырып жүр

Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның Нью-Йорктегі саябақта қыдырып жүрген видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ердоған БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келген. Түркия басшысының саябақта қыдырып жүрген видеосын президенттің Instagram желісіндегі ресми парақшасы жариялаған. 

Режеп Тайып Ердоған бірнеше адаммен саябақта қыдырып жүргенінде тұрғындар президентпен танысып, оның Түркия басшысы екенін естігенде таңғалады. 

"О, Құдай! Рас па?", - дейді видеодағы әйел адам. 

Артынша Ердоған саябақта отырған кезде қасына тағы екі адам келіп, әңгімелеседі. Одан бөлек те көптеген адам президентті танып, суретке түскен. Видеодан президенттің оққағарлары Ердоғанның халықпен қол алысып, сөйлесуіне еш кедергі жасамағанын байқауға болады. 

Айта кетейік, Бас Ассамблеясының 77-сессиясы Нью-Йоркте өтеді. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та АҚШ-қа жұмыс сапарымен барған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!