Павлодар облысында автобус аударылып, екі бала қаза тапты

Павлодар облысында балалар мінген автобус аударылып, екі бала қаза тапты, - деп хабарлайды pavon.kz.

Оқиға Астанадан Өскеменге келе жатқан автобуста болған. Автобус Павлодар облысындағы Қалқаман ауылы маңында арыққа шығып кеткен. Облыстық жедел жәрдемнің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға туралы қоңырау 19 қыркүйекте түнде түскен.

"Өкінішке қарай, дәрігерлер келгенше 6 және 14 жастағы екі бала қаза болды. Зардап шеккен тағы 9 адам - бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында жедел көмек көрсетілді", - деді облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері.

Жарақат алған балалар облыстық балалар ауруханасына, ал ересектер №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!