"Ақшам көп". Ерке Есмахан Желідегі оқырмандарына жауап берді

"Ақшам көп". Ерке Есмахан Желідегі оқырмандарына жауап берді
Фото: Instagram

Белгілі әнші Ерке Есмахан Instagram-парақшасында қанша ақшасы барын сұраған оқырмандарына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Instagram-да Ерке Есмаханның оқырмандары той, концерттен бөлек қанша ақшасы барын сұраған.

"Той, концерттен бөлек қанша ақшаңыз бар" - деп сұраған оқырманы.

Әнші ақшасы көбін, өзі қанша екенін білмейтінін жеткізген.

"Осы менің ақшамды санап не істемексіздер? Ақшам көп, Құдайға шүкір. Қанша екенін өзім білмеймін. Шамамен, долларлық миллионермін", - деп жауап берген ол.

Еске салайық, бұған дейін Ерке Есмахан Айнұр Тұрсынбаеваның ұлының тойынан алған бриллиантын көрсеткені хабарланған болатын. Сондай-ақ, ол Айнұр Тұрсынбаеваның Түркиядағы зәулім үйін көрсеткен еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова