Елордадағы Nursultan жазулары демонтаждала бастады

Елордадағы Nursultan жазулары демонтаждала бастады

Елордадағы Nur-Sultan жазулары демонтаждала бастады. Әлеуметтік желілерде "Нұржол" желекжолы бойындағы әріптердің орнынан алынып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сондай-ақ, желіде Ботаникалық бақтағы Nur-Sultan жазуының да алынып жатқан фотолары пайда болды.

Еске салайық, Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы деп өзгерту туралы" Жарлығы жарияланды.

Бұдан бұрын Президент "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.

Аталған Заң Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған.

Айта кетейік, Ата Заңның 5 бабына өзгерістер енгізіліп, 1 бап қосылды. Заңнама негізінде елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан Астана болып өзгертілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова