"Цунами қаупі бар". Тайваньдағы жер сілкінісінің видеосы жарияланды

"Цунами қаупі бар". Тайваньдағы жер сілкінісінің видеосы жарияланды
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Тайваньдағы жер сілкінісінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Baza Telegram-каналы.

Арал жағалауында магнитудасы 7,2 болатын жер сілкінісі тіркелген. Цунами қаупі жарияланды.

Бұған дейін NHK телеарнасы Жапонияның оңтүстік-батысында күшті "Нанмадол" тайфуны салдарынан төрт миллионға жуық адам эвакуацияланғанын хабарлаған.

"5-деңгейдегі ескерту - Жапонияда табиғи апаттар туралы ескерту шкаласы бойынша ең жоғары", - деп жазды басылым өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш