Ақмола облысында бұланның кесірінен бірден екі апат болды

Ақмола облысында бұланның кесірінен бірден екі апат болды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында жабайы аңның республикалық тас жолға шығуына байланысты бірден екі жол апаты болды. 38 жастағы жүргізуші зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, апат 18 қыркүйекте таңғы сағат 07:00 шамасында болған.  

Полицейлер мәліметінше, жабайы бұлан республикалық Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолына шығып кеткен. Салдарынан бірден екі автокөлікке механикалық зақым келген, ал олардың бірінің жүргізушісі түрлі жарақатпен емдеу мекемесіне жатқызылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kokshetautoday (@kokshetautoday)

Қазіргі уақытта Бурабай ауданының полиция бөлімінің анықтаушылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш